10-09-20 |
310 рет қаралған
Коммунистер ауған ардагерлеріне қамқор болмақ.
Коммунистер ауған ардагерлеріне қамқор болмақ

Өткенде бас прокуратураға қазақ ұлтшылдығына қарсы арыз жазған Қазақстан коммунистік халық партиясы енді Ауған соғысы ардагерлерінің мәртебесін заңмен айқындауға білек сыбанып кіріспекші.

Астанада Қазақстан коммунистік халық партиясы мен Қазақстанның интернационалист-жауынгерлерінің ардагерлер ұйымдары орталық кеңесінің жиыны өтіп, оған коммунист депутат Айқын Қоңыров және ауған соғысының бірнеше ардагері қатысқан. Коммунистер мен ауған ардагерлері жиынында коммунист Қоңыров партияға ауған ардагерлерінен көп өтініш түскенін айтыпты.

Ал коммунистерден үмітін үзбеген Ауған соғысы ардагерлері орталық кеңесінің мүшесі Қайрат Елубаев: «2020 жылы заңды талқылау кезінде ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының мүшелері шақырылмаған. Ол заңда біздің ұсыныстар қабылданбады. Сол себепті біздің орталық кеңестің шешімімен бұл заңды жетілдіру керек деп санаймыз. Жалпы ауған соғысы ардагерлерінің мәртебесін дұрыстап айқындау керек. Заңды талқылау кезінде ауған соғысының ардагерлері әлеуметтік желі болсын, видеоөтінім болсын өздерінің наразылықтарын айтып келе жатыр. 30 жыл бойы бізге нақты «соғысқа қатысушы» деген мәртебе беруді сұрадық. Бірақ ұсыныстарымыз ескерілмей келеді. Халықтың, Президенттің және Парламенттің алдына осы мәселені қайта көтерейік деп жатырмыз»депті.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.