04-08-22 |
370 рет қаралған
Қазақстан Тайванды Қытайдың ажырамас бөлігі санайды – ҚР СІМ.
Қазақстан Тайванды Қытайдың ажырамас бөлігі санайды – ҚР СІМ

Қазақстан Тайванды Қытай Халық Республикасы аумағының ажырамас бөлігі деп санайды. Мұны Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

«Қазақстан Республикасы «Бір Қытай» қағидатын қолдайды және Тайванды Қытай Халық Республикасы аумағының ажырамас бөлігі деп санайды»,-деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, «Қазақстан халықаралық құқықтың қолданыстағы нормаларын және Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысын сақтауды, атап айтқанда, осы мәселеде БҰҰ Бас Ассамблеясының 1971 жылғы №2758 қарарын ұстануды жақтайды».

«Шетелдердің ресми делегацияларының Тайванға сапарлары ҚХР үкіметімен келісілуі тиіс деп санаймын»,-деді ол.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.