25-02-20 |
910 рет қаралған
Қоғамдық белсенді Дулат Ағаділ тергеу изоляторында қайтыс болды.
Қоғамдық белсенді Дулат Ағаділ тергеу изоляторында қайтыс болды

Нұр-Сұлтан қаласының тергеу изоляторында қоғамдық белсенді Дулат Ағаділ қайтыс болды деп хабарлайды Араша ақпараттық порталы Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Нұр-Сұлтан қаласының тергеу изоляторында жақында әкелінген 1977 жылы туған Дулат Ағаділ қайтыс болды.  Дулат Ағаділдің үстінен сотқа құрмет көрсетпеу, сот төрешісін және сотқа қатысушыларды балағаттау айыбы бойынша қылмыстық іс қозғалған», – делінген хабарламада.

Ақпаратта айтылғандай биыл қаңтар айында Дулат Ағаділге сырттай сот шешімі шығып, айыпты деп табылған. Оған  «ешқайда кетпеу» туралы шара қолданылған.

«Тергеуге келмегеніне байланысты сот шешімімен 24 ақпанда қамауға алынған» деп жазылған хабарламада.

«Тергеу изоляторының камерасында онан өзге төрт адам болды, олар Дулат Ағаділге күш қолданылмағаны жайлы куәлік берді. Медициналық куәлік оның қамауға алынған сәтте алкогольді ішімдік ішкенін, мас екенін көрсетті. Жедел жәрдем бригадасы келді. Қайтыс болуына «жүрек талмасы себеп болған». Денесінде қандай да бір жарақаттар жоқ. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды, – делінген Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті таратқан ақпаратта.

Дулат Ағаділ құқық пен бостандық және әлеуметтік мәселелерді көтеріп жүрген қоғамдық белсенді. Ол бұған дейін рұқсат етілмеген акцияларға қатысқаны үшін және басқа да айыптармен бірнеше рет қамауға алынған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.