28-02-24 |
6500 рет қаралған
Қырғызстанда Сооронбай Жээнбековті экс-президент мәртебесінен айыру ұсынылды.
Қырғызстанда Сооронбай Жээнбековті экс-президент мәртебесінен айыру ұсынылды

Жогорку Кенеш отырысында депутат Ақылбек Түмонбаев Сооронбай Жээнбековті экс-президент мәртебесінен айыру керек деп мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұрынғы президент жемқорлар тізімінде тұр.

«Қазір президент пен Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы сыбайлас жемқорлықпен белсенді күресіп жатыр. Бұған дейін жемқор шенеунік Райымбек Матраимов туралы көп айтылып, оның кесірінен кейбір депутаттар қызметтерін тастады, тазарту жұмыстары әлі жүріп жатыр. Бірақ бүгінде олардың арасында ұмыт болған Сооронбай Жээнбеков те бар. Ол Райымбек Матраимовты саяси аренаға алып шықты. Сооронбай Жээнбеков мемлекет есебінен күн көріп, мемлекеттік көлік мініп, мемлекет ақшасын алады», — деді Ақылбек Түмонбаев.

Депутат Сооронбай Жээнбеков мемлекет есебінен өмір сүрмеуі керек деп есептейді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.