04-12-20 |
210 рет қаралған
Ресейдің «Спутник V» вакцинасы Қазақстанда шығарылады.
Ресейдің «Спутник V» вакцинасы Қазақстанда шығарылады

Коронавирусқа қарсы Ресейдің «Спутник V» вакцинасы 22 желтоқсаннан бастап Қазақстанда шығарылады. Бұл туралы президент Тоқаевпен кездескен премьер-министр Мәмин айтты. Ресей вакцинасын шығару президент Тоқаев пен Ресей президенті Путиннің жасаған келісіміне сәйкес жүзеге аспақ екен.

2021 жылдан бастап тұрғындарға ерікті түрде жаппай вакцина егу жоспарланып отыр. Алғашқы кезеңде тұрғындардың ауруды жұқтыру қаупі жоғары тобы, яғни дәрігерлер, педагогтар, күштік құрылымдардың қызметкерлері қамтылады.  

Қасым-Жомарт Тоқаев Асқар Маминге отандық вакцина өндірісіне қатысты берілген тапсырманы жедел орындағаны үшін алғыс білдіріп, дәрінің тиімділігіне баса мән беруді және тұрғындарға қол жетімді болуын бақылауда ұстауды тапсырды.

Қазақстан коронавирусқа қарсы өзі де вацина жасап жатыр. Мәминнің сөзіне қарағанда, ссы жылдың соңына дейін 2 миллион мөлшер көлеміндегі отандық вакцинаның алғашқы партиясы шығарылмақ.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.