19-11-20 |
550 рет қаралған
Сайлауға сенбейтін сенатор немесе Тасмағамбетов президент болғысы келе ме?.
Сайлауға сенбейтін сенатор немесе Тасмағамбетов президент болғысы келе ме?

Сенатор Мұрат Бақтиярұлы сайлауға сенбейді. Ал Иманғали Тасмағамбетов келесі президент сайлауына түсуі мүмкін және ол Жанболат Мамайды қаржыландырады-мыс. Мұның бәрі экс-депутат Ирак Елекеев пен журналист Мақпал Мейірбекқызы бірлесіп шығарған youtube видео желісіндегі жаңа бағдарламада айтылады.

Аға буын мен жас буын арасындағы көзқарас, пікір, ұстаным қайшылықтары мен қазіргі қоғамдық-саяси өмірдегі түрлі жағдайларға қатысты екі түрлі көзқарасқа құрылған пікірталас форматындағы бағдарламаның алғашқы қонағы  – сенатор Мұрат Бақтиярұлы болды.

Бағдарлама басында Иманғали Тасмағамбетовтың «Қазақ әдебиеті» газетіне берген сұхбаты сөз болады. Осы тұста Елекеев инсайдерлік ақпаратқа сілтеме жасап, Тасмағамбетов келесі президент сайлауына түсуі мүмкін және ол Жанболат Мамай қозғалысын қаржыландырады-мыс деген ұзынқұлақтың болжамдарын айтады.

Бағдарлама барынша ашық пікірталасқа құрылған. Жүргізушілер де түрлі мәселеге қатысты ойларын ашық айтып, қонаққа өткір сауалдар қояды.

Көріңіз:

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.