21-05-19 |
1410 рет қаралған
Тоқаев: Жер шетелдіктерге сатылмайды.
Тоқаев: Жер шетелдіктерге сатылмайды

«Жер шетелдіктерге сатылайды. Бұл менің президент ретіндегі берік ұстанымым!», деп мәлімдеді президент Қ.Тоқаев. Бұл туралы ол Қостанай облысындағы сапары кезінде ауыл шаруашылық мамандарымен кездесуде айтқан. Мұны президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің facebook парақшасында жария етті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына сапары кезінде де жерге қатысты көзқарасын айтып: «Жер –  жермен жұмыс істейтін адамға берілуі керек. Ол үшін әкімшілік екі мәселені шешуі тиіс:жер телімдерінің берілу жүйесінің ашықтығын барынша көтеріп, жерді тиімді пайдалануға бақылау жүргізуі шарт» деген еді.

2016 жылы Қазақстанда Жер кодексіне енгізілген кейбір өзгерістер мен толықтыруларға халық наразылығы болып, билік сол наразылықтардан соң, жер реформасы жөніндегі комиссия құрған. Комиссияның көшпелі отырысы аймақтарда өтіп, оған жергілікті қоғам белсенділері, фермерлер, сарапшылар, облыс әкімдері қатысқан. Сол комиссияның қортынды шешімдері жер туралы заңға қайтадан енгізілген өзгертулер мен толықтырулар да ескерілді.

2016 жылы Тоқаев сенат төрағасы еді. Сол кезде ол: «Үкіметтің, заң шығарушылардың және үкіметтік емес ұйымдардың алдында қоғамға жер кодексіне енген өзгертулердің мәнін түсіндіруге бағытталған үлкен жұмыс тұр. «Жер шетелдіктерге берілмейді» деп сендіре айтып қана қоймай, шетелдіктердің қитұрқылықпен заңды айналып өтет алмайтынын да заң-құқық тұрғысынан талдап түсіндіру жұмыстарын жүргіуі шарт» деген еді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.