03-11-20 |
220 рет қаралған
Тоқаев: Мұндай жантүршігерлік зорлық әрекетке қарсымын!.
Тоқаев: Мұндай жантүршігерлік зорлық әрекетке қарсымын!

Президент Қ.Тоқаев Венадағы террорлық актіге байланысты Австрия президенті Александр Ван дер Белленге көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Бүкіл австриялықтар сияқты барлық дінге кереғар келетін, адами сенім мен ақылға сыймайтын мұндай жантүршігерлік зорлық әрекетке қарсымын. Терроризмнің кез келген түріне жол беруге және оны ақтауға болмайды. Осындай қаныпезер зұлымдыққа барған барлық кінәлілер жауапқа тартылады деп үміттенемін. Қазақстан халқының және өз атымнан қаза болғандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтамын, зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектеспін. Осынау қаралы күндері Австрияның Федералдық Үкіметімен және халқымен біргеміз, – делінген жеделхатта.

Австрияның астанасында төрт нысанға лаңкестер шабуыл жасады. Қазір Венада құқық қорғау органдары арнайы операция жүргізіп жатыр. Зайтенштеттенгассе синагогасында басталған атыс кезінде 2 адам қаза тауып, 15-і жараланды. Күдіктілердің бірін полиция қызметкері атып өлтірді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.