15-06-22 |
950 рет қаралған
Тоқаев: Қазақтар орыс тілін жақсы білуі керек.
Тоқаев: Қазақтар орыс тілін жақсы білуі керек

Президент Қ.Тоқаев «Россия-24» Ресей мемлекеттік телеарнасына сұхбат берді. Сұхбат барысында Қазақстандағы орыс тілі мәселесі де сөз болған.

«Қазақстандағы орыс тілінің қолданысы тарылды, азайды деп жүргендердің ұстанымы нақты жағдайға қайшы. Мұндай дәлелі жоқтың қасы әлсіз талқылаулардың мақсаты – осы мәселені немесе өзге тақырыптарды саясиландыру. Негізі мұның жауабын білем, бірақ біздің әңгіме бұл тақырыпта емес қой», – деді президент.

Президенттің сөзінше, Қазақстандағы лрыс тілінің жағдайы нашарламаған. Орыс тіліндегі мектептер саны азаймаған.

«Ал қазақ тілінде білім алуға сұраныс өсіп келеді. Мұны да ескеру керек. Мемлекетіміздің атауында «Қазақ» сөзі бар. Біз қазақ тілін үйренгісі келетін, балаларын қазақ мектеп, балабақшаға бергісі келетін адамдардың да  қажеттіліктерін қамтамасыз етуге тиіспіз. 

Сондай-ақ президент қазақтарға географиялық тұрғыдан орыс тілінсіз өте қиын болатыны хақында нақты түсінік бар екенін айтқан.

 «Осыған дейін айтқанымдай, екі ел арасында әлемдегі ең ұзын шекара бар. Біз «Құдайы көршіміз». Және қазақтарға орыс тілін жақсы білу керек сонымен бірге өзін тілінде білуі шарт», – деді Тоқаев.

Сұхбатта Тоқаев бұдан өзге қаңтар оқиғасы және оның тергелуі барысын, Жаңа Қазақстан туралы ойларын айтқан.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.