22-09-20 |
420 рет қаралған
Тоқаевтың тапсырмасы Перуашевтың партиясының ұстанымын нығайтқан.
Тоқаевтың тапсырмасы Перуашевтың партиясының ұстанымын нығайтқан

«Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев президент Тоқаевтың тапсырмасынан кейін партияның ұстанымы нығайғанын орталық коммуникациялық қызметінде өткен баспасөз мәслихаты кезінде айтты.

Перуашев салық саясаты туралы айта келіп: «Оның үстіне, қазір біздің ұстанымымыз Президенттің тапсырмасымен нығайтылды» деді.

Ал салық саясаты турасында ол экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы елдерінің салық тәжірбиесін Қазақстанға енгізуді ұзақ жылдардан бері айтып келе жатқандарын сөз ете келіп: «Бұл елдерде салық салу деңгейі жағдайға, нақты саланың жағдайына және мемлекет үшін басымдылыққа тікелей байланысты. Бір елде 5 түрлі ставкалар болуы мүмкін. Мысалы, азық-түлік, ауыл шаруашылығы, балалар тауарлары, инновациялық сала үшін әртүрлі төмендетілген мөлшерлемелер болуы мүмкін. Өкінішке орай, бүгін де Мәжілістегі бюджет комитетінің отырысы барысында бұл түзету қайтадан қабылданбады. Өйткені Үкіметтің теріс қорытындысы алынды. Бірақ біз бұл жұмысты жалғастырамыз» деді.

Сондай-ақ партия басшысы несие каникульдары туралы мәселе көтергендерін, ол шешімін тапқанымен қалай жүзеге асатыны белгісіз екенін де айтты.

«Шағын және орта бизнесті несиелеуді қолдау бойынша маңызды тапсырмалар берілді. Атап айтқанда, субсидиялау арқылы қолданыстағы кредиттік желілерді қайта қаржыландыру бойынша 6% – ға дейін. Біз карантин кезеңінде қабылданған қолдау шаралары тиісті нәтиже бермеді деген өтінішімізді жолдадық. Кредиттік демалыстарды енгізу және төмендетілген мөлшерлемелер бойынша қайта қаржыландыру қажеттілігі туралы мәселені қойдық. Бұл мәселе шешілді, бірақ қазір ол қалай жүзеге асырылады?» деді Перуашев.

фото: ortcom.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.