28-07-22 |
300 рет қаралған
Украинада 75 мың басқыншының көзі жойылды.
Украинада 75 мың басқыншының көзі жойылды

АҚШ президенті Байденнің әкімшілігі Украинадағы Ресей әскерінің шығыны 75 мың адам деп бағалады.

Бұл жөнінде Украинаға барып келген конгресмен New York Times басылымына берген сұхбатында айтты.

Есімі аталмаған конгресменге барлау және штаб комитетінің басшысы әзірлеген құжатта солай көрсетілген.

Бұған дейін CNN тілшісі де Твиттерде Ресей шығыны дәл осындай екенін келтірген. Оның айтуынша, мұндай құпия құжат Палата өкілдеріне арналған анықтамада жазылған.

«Украинадағы соғыс басталғалы Ресей өз шығынын жасырып отыр. Сол себепті бүкіл әлем олардың шығын көлемін болжаумен келеді. Екі тарап та шығын көлемін азайтып көрсетуді мақсат тұтады. Мәселен, Ресей – ішкі аудиторияға табыстары туралы айтуды жалғастырса, Украина соғыс рухын қолдау мақсатында»,-деп жазды америкалық басылым.

Егер қаза болғандар мен жараланғандардың арақатынасын 1:3 деп алсақ, 75 мың деген жалпы есеп 18-19 мың адамның өлгенін көрсетеді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.