09-06-19 |
49560 рет қаралған
Алматыда қайтыс болған адамдардың атынан дауыс берілген.
Алматыда қайтыс болған адамдардың атынан дауыс берілген

Алматыдағы қайтыс болған адамдардың атынан дауыс беру фактісі тіркелді. Бұл туралы arasha.kz бақылаушы Нұраддин Садықовтың фейсбукте жариялаған ақпаратына сілтеме жасап, хабарлайды.

«Алматыдағы 298 учаскеге тіркелген 2294-адамның 12-сі үйден дауыс беруге өтініш берген. Оның ТЕҢ ЖАРТЫСЫ дауыс беруге «о дүниеден өтінім беріпті»!!! Мынау біз жасаған акт бойынша 6 адам жақындарының айтуынша, біраз уақыт бұрын қайтыс болған! Бұл біздің ОСК жіберген олқылықтың бірі!» деп жазады бақылаушы Н.Садықов.

Бақылаушы аталған факті бойынша, бақылаушылар қол қойып, акт толтырған. Нұраддин Садықов толтырылған актінің суретін жазбасына қоса жариялады.

Толтырылған актіде оқиға Алматы қаласындағы №298 сайлау учаскесінде болған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.