28-05-19 |
1160 рет қаралған
Блогерлер кандидаттарға қызмет көрсете ала ма?.
Блогерлер кандидаттарға қызмет көрсете ала ма?

Қазақстан заңгерлер одағының төрағасы Серік Ақылбай блогерлердің қандай жағдайда барлық кандидаттарға бірдей қызмет көрсетуге міндетті екенін айтып берді, деп жазады ҚазАқпарат

Қазақстан заңгерлер одағы төрағасының айтуынша, блогерлердің елімізде интернет БАҚ нысаны ретінде тіркелуге құқығы бар. Егер ол осы құқығын пайдаланып, БАҚ ретінде заңды түрде тіркелсе, сайлау науқанына араласу бойынша бірқатар міндеттер жүктеледі.

«Блогер БАҚ түріне жата ма?» деген сұрақ жиі қойылып жүр. Заңгерлер одағының пікірінше, блогерлер БАҚ құралы ретінде заңды түрде тіркелсе ғана міндетті түрде әр кандидатқа тең қызмет көрсетуі тиіс. Ал тіркелмесе, жеке тұлға ретінде, заң шеңберінде өз қалауымен ақпарат жариялай алады. Мен бұл мәселе бойынша көп блогермен сөйлестім. Әзірге мен сөйлескендердің ешқайсысы БАҚ нысаны ретінде тіркелмеген», – дейді заңгерлер одағының төрағасы.

Оның айтуынша, БАҚ нысаны ретінде тіркелмеген блогерлер өзге де интернет пайдаланушылар қолданатын заңнаманы басшылыққа алуы тиіс. «Біреудің жеке басына тіл тигізу, жалған ақпарат беру, қоғамдық араздық  тудыратын мәліметтер жасау әрекеті заң бойынша жауапқа тартылатынын білесіздер. Бұл талап БАҚ ретінде тіркелмеген блогерлерге де қатысты», – дейді Серік Ақылбай.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.