23-04-19 |
1690 рет қаралған
Комиссия: Қ.Тоқаев қазақ тілін жетік біледі.
Комиссия: Қ.Тоқаев қазақ тілін жетік біледі

«Нұр Отан» партиясы кезектен тыс президент сайлауына кандидат етп ұсынған қазіргі президент Қ.Тоқаев мемлекеттік тілден емитхан тапсырды. Комиссия кандидат мемлекеттік тілді жетік біледі деген шешім шығарған.

Емитханға мемлекеттік тілден емтихан алатын комиссия мүшелері түгел жиналып, өз пікірлерін айтқан, сөйтіп бәрі бірауыздан Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік тілді жан-жақты, толық меңгерген деп қортынды шығарған.

«Бірінші шығарма жазғанда Абайдың поэзиясы, қара сөздері, оның жалпы халыққа беретін маңызы туралы бүгінгі үміткеріміз терең толғаған. Өте әдемі жұмыс. Біз бұл жұмыстан бірде-бір қате көргеніміз жоқ. Шерхан Мұртазаның «Мыңбұлақ» әңгімелер мен хикаяттар  жинағының үш бетін оқыды. Мәнерлеп, ырғағымен өте әдемі  оқып берді. Ал «Қазіргі Қазақстанның геосаясаты» жайында кең толғады, терең сөйледі. Жалпы біздің лингвистикалық комиссияның берген қорытындысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мемлекеттік тілді толық, жан-жақты меңгерген» деді комиссия төрағасы Мырзатай Жолдасбеков.


БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.