15-12-20 |
450 рет қаралған
Алға қойылған міндеттер жүзеге асырылады.
Алға қойылған міндеттер жүзеге асырылады

Шортанды аудандық сайлауалды штабында онлайн режимінде  мәслихат депутаттығына кандидаттардың Бектау ауылдық округінің тұрғындарымен үгіт-насихат кездесуі өтті. Оған кәсіпкер Ирина Жукова, өзін-өзі жұмыспен қамтыған Гүлнұр Сәдуақасова, «Шортанды СУ» ШЖҚ МКК басшысы Әсет Мұқанов, Жылжымайтын мүлік орталығының Шортанды бөлімшесінің директоры Ермек Байсеркеев, Шортанды ауданының «Айям-7» ЖШС директоры Алмаз  Мұхамедияев қатысты.

Кездесу барысында кандидаттар аудандық сайлауалды штабының жұмысы туралы хабардар етті, оның құрамына аудан тұрғындары арасында беделді және құрметке ие 40 адам, сондай – ақ мәслихат депутаттығына 22 кандидат кірді. Штабтың 12 мүшесінің электоралдық науқандарды өткізу тәжірибесі бар. Сонымен қатар, штаб жанынан ауданымыздың жас ұрпақтары арасында кең және белсенді үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастыруға арналған Жастар қанаты құрылды.

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының міндеттері шортандылықтардың негізгі сұраулары мен ұсыныстарын есепке алып, қоғамның өзекті мәселелеріне жауаптарын қамтиды. Онда аудан дамуының жеті басым бағыттары айқындалған, олар бірінші кезекте халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын тұрақты жақсарту үшін жағдай жасауға бағытталған.

-Бүгінгі таңда өзекті де маңызды мәселелердің бірі қазақстандықтардың тұрмыс сапасын жақсарту болып табылады. Депутат болу –  уәделер беріп, көпшілікке  жағымды сөздер айтып  қою емес, ерінбей, нақты еңбек ету, өзіңнің көшбасшылығың, іскерлігіңді көпшілік алдында дәлелдей ала білу деп санаймын,- деді Ермек Байсеркеев.

Партияның сайлауалды бағдарламасы еліміз тұрғындарының тұрмысын жан-жақты қамтитынын айта келе Алмаз Мұхамедияев елімізде агроөнеркәсіп кешеніндегі инвестициялық жобалардың жүзеге асатынын атап өтті. Мұның өзі ел экономикасының дамуына зор ықпал етпек. Ауыл шаруашылығы қарқынды дамып, ауылдардың жағдайы жақсарады.

 – Ауылдықтардың тұрмыс-жағдайын арттыру арттыру керек. Бүгінгідей өркениет дамыған заманда ауылдықтардың тұрмыс сапасы да жоғары, игілікті  болуы керек, -дейді ол.

Онлайн-кездесу барысында мәслихат депутаттығына кандидаттар ауылдық елді мекендер тұрғындарының сұрақтарына жауап берді.

Кандидаттар партия мүшелері ретінде тұрғындарды 10 қаңтарда сайлауға қатысып, нақты істер партиясына дауыс беруге шақырды.

Алға қойылған міндеттер жүзеге асырылады!

 

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Шортанды ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.