06-01-21 |
310 рет қаралған
Кандидаттар нақты істер партиясы – «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
Кандидаттар нақты істер партиясы – «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды

Шортанды ауданына үгіт жұмыстарымен келген Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат, «Орленок» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Павел Безвербный бірқатар нысандарға барып, кездесулер өткізді. Бұл кездесулерге Ақмола облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Ирина Жукова, Шортанды аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Ахмедия Қожамсейітов пен Галина Горкушева қатысты.

Кандидаттар үгіт кездесулерін Дамса селосындағы «Сағым-бидай» ЖШС-нен бастап, серіктестік ұжымына «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында айқындалған міндеттер мен мақсаттарды түсіндіре отырып, партияның жетістіктері мен атқарылған істері жөнінде баяндады.
Кездесу барысында Павел Николаевич «Nur Otan» партиясы халықтың әл-ауқатын, өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды қолдайтынын айтып, бұл бағытта бүгінде тұрғындарымыз шарапатын көріп отырған «Ауыл – ел бесігі» жобасы әрі қарай жалғасатынын жеткізді.

Сонымен қатар «Сағым-бидай» ЖШС директорының орынбасары, Шортанды ауданының құрметті азаматы Геннадий Иванович Скирдамен кездесіп, аудан дамуының жеті басым бағыты, партияның әлеуметтік саланы көтеру барысындағы нақты шараларына тоқталды.

Одан кейін Дамса селосындағы арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы және көпбалалы ана Пердебаева Алтынай Ағабекқызының отбасына барды. Бұл кездесулерде кандидат «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекет тарапынан жасалып жатқан игі істер, «Бақытты отбасы» партиялық жобасының отбасының рөлін арттыруға және отбасылық құндылықтарды нығайтуға ықпал ететін аудандағы нақты шаралары жөнінде айтып өтті.

Павел Николаевич Безвербныйдың Шортанды ауданындағы үгіт-насихат жұмыстары Дамса ауылдық округінің ардагерлер ұйымының төрайымы Кузнецова Галина Иннокентьевна мен жұбайы Игорь Ивановичтің отбасына барумен жалғасты. Ауыл тұрғындарының шаңырағына барып, аға буын өкілдерін толғандыратын мәселелерді тыңдай отырып кандидат партияның сайлауалды бағдарламасының басты мақсаты халықтың өмір сүру сапасы мен тұрмысын жақсарту үшін жағдай жасау, соның ішінде ауылдық елді мекендерді дамыту жолында бірқатар іс-шаралар көзделгенін атап өтті.

Сондай-ақ болашақ халық қалаулылары Дамса селосында жаңадан ашылған жеке кәсіпкер Дмитрий Хлубныйдың сауда нысаны – дүкенде экспромт-кездесу өткізіп, кездесу соңы бес қабатты тұрғын үйде «Есіктен есікке» акциясына ұласып, тұрғындарға «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламаларын таратып, 10 қаңтардағы сайлауға қатысып, белсенді азаматтық көзқарас танытып, нақты істер партиясы – «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

 

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Шортанды ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.