11-12-20 |
290 рет қаралған
Қалалық штабтың ашылу салтанаты өтті.
Қалалық штабтың ашылу салтанаты өтті

Бүгін «Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филиалында сайлауалды штабтың ресми ашылуы өтті. Шараға қатысушылар айқын жоспарларымен және алға қойған мақсаттарымен бөлісті. Сондай-ақ, штаб мүшелері тарапынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауына байланысты жоспарлы жұмыстың басталғаны да айтылды.

Қоғамдық қалалық штабтың ашылуы барысында сөз алған «Nur Otan» партиясы Қызылорда қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, штаб жетекшісі Шәріп Әбдірахманов сайлау процесін қадағалайтын 360 партия белсенділері, сенімді өкілдер, бақылаушылар сайлау учаскелеріндегі тиісті жұмыстарды жүргізуге дайын екенін алға тартты.

– Үгіт жұмыстарын жүргізу үшін құрылған қоғамдық сайлауалды штабтың құрамында 16 мүше бар. Бізді ортақ бағдарлама, ортақ мақсат біріктіреді. Сайлау науқанындағы басты ұранымыз – «Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!», – деді Шәріп Әбдірахманов.

Айта кетейік, Қызылорда қалалық сайлау комиссиясында 34 кандидаттан тұратын партиялық тізім тіркелді. Оның ішінде 28 үміткері праймериз жеңімпазы болса, 6 үміткер партия филиалының квотасы бойынша бекітілді.

Сондай-ақ, қалалық партия филиалының 7 басымдыққа топтастырылған сайлауалды бағдарламалары әзірленген болатын. Осы бағытта штаб мүшелері шара барысында бағдарламалар елді мекендердің мәселелерін шешуді және халықтың өмір сүру сапасын арттыруды көздейтінін жеткізді.

«Nur Otan» партиясының Қызылорда облысы Қызылорда қаласының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.