09-06-22 |
630 рет қаралған
Ел қарсы болған, Тоқаев құптамаған аймаққа үкімет АЭС салмақ.
Ел қарсы болған, Тоқаев құптамаған аймаққа үкімет АЭС салмақ

Атом электро станциясы Алматы облысындағы Үлкен ауылында салынады. Яғни Балқаш көлінің маңында болады. Бұл туралы энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты.

«Нақты орын бойынша емес, қай аймақта орналастыны туралы ведомства аралық комиссия отырысын өткіздік. Ол – Алматы облысындағы Үлкен ауылының маңы. Осылайша, аймақты анықтадық», – деді министр.

Қазақстанда АЭС салу мәселесі ұзақ жылдардан бері көтеріліп жатыр. 

1 қыркүйектегі жолдауында Тоқаев үкіметке «бір жылдың ішінде қауіпсіз атом энергетикасын дамытуды зерделеуді» тапсырған.

«2030 жылға қарай Қазақстанда электр энергияcының тапшылығы болады. Ал әлемдік тәжірибеге сәйкес, тиімді шешім бар. Ол – бейбіт атом. Иә, оңай шаруа емес. Сондықтан осы мәселені ұтымды шеше білуіміз керек, сан алуан болжам мен эмоцияға жол бермейік» деген еді Тоқаев биылғы жолдауында.

2019 жылы сәуірде Ресей президент Владимир Путин Қазақстан президенті Тоқаевпен кездесуде Қазақстанда «ресейлік технология» бойынша АЭС салу туралы ұсыныс айтқан.

Бұл ақпарат Қазақстан қоғамында ірі резонанс тудырды, жұрт ұсынысты сынады. Елде болған наразылық шараларында өзге ұрандармен қатар «АЭС салынбасын!» деген талап та болған. Халық елде салынған АЭС апатқа ұшырай ма деп қауіптенеді.

Көп ұзамай Тоқаев «халықтың пікірін ескермей АЭС салу жөнінде шешім қабылданбайды» деп мәлімдеген еді.

2021 жылы 26 мамырда президент Қасым-Жомарт Тоқаев атом электр станциясы төңірегінде айтылып жүрген қауіптердің орынсыз екенін атап өтіп, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырған.

2020 жылы үкімет АЭС салуға ең қолайлы орын ретінде Алматы облысы Үлкен қаласының маңы деген. Алайда бұл ұсынысты жұрт сынап, Тоқаев құптамаған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.