15-10-21 |
490 рет қаралған
Түймебаев ақталды: Мемлекеттік сатып алу сайтында қателік кеткені рас па?.
Түймебаев ақталды: Мемлекеттік сатып алу сайтында қателік кеткені рас па?

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне ректор болып тағайындалғанына бір жыл болмай жатып Жансейіт Түймебаевтың атына университет профессорлары мен мұғалімдері шағым жазып үлгерді. Ұжымға Жоғарғы оқы орны басшысының университетке қарасты алты ғимараттың күтіміне 11 миллиард теңгеге тендер жариялағаны ұнамаған. Ал ректор мемлекеттік сатып алу сайтындағы ақпаратта қателік кетті деп ақталды. Бұл туралы 31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасы хабарлады. 

 

“6 емес, 17 жатақхана, 25 оқу корпусы. Мына аллеялардың барлығы бөлік-бөлікпен олардың барлығы қарайды. Төрт-бес объектіні біріктіргенде, 25, 50-ге жуық объектінің ақшасы шығады”, – дейді Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев.  

Бұдан бөлек, университет профессорларының анонимді хатында 2010-шы жылы жемқорлықпен істі болған бірнеше адамның жоғары оқу орнына жұмысқа орналасуы мен Жансейіт Түймебаев келгелі жалақының жиі кешіктірілетіні жазылған. Бүгін журналистерді арнайы жинаған ректорға сотталған адамдардың лауазымды қызметте отырғаны рас па деген сұрақ қойылды. Алайда Жансейіт Түймебаевқа бұл сауал жақпай қалған сияқты. 

“Жоқ ондай, мен білмеймін. Біріншіден, ондай болса, құқық қорғау органдары бізге хабар береді. Бізде айтып отырмын ғой, 3 мың мұғалім жұмыс істеуде. Екі жарым мың қызметкер бар. Оның бәрін мен өзім тексере алмаймын. Ол үшін арнайы департаменттер бар. Әзірше мен ондайды білмеймін”, – дейді университет басшысы. 

Еске салсақ, бұған дейін Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің жерін талан-таражға салды деген бірнеше адам ұсталды. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.