29-03-23 |
510 рет қаралған
Заңгер: Президентке алдағы жеті жыл ел басқару қиын болады.
Заңгер: Президентке алдағы жеті жыл ел басқару қиын болады

Жаңадан келген депутаттардың ішінде еңбегі сіңген, лайықты азаматтар жетерлік. Бұл шақырылым – алдыңғы шақырылымға қарағанда бөлек. Құрамы бойынша да, миссиясы бойынша да.

Бірақ «сайлануына» қатысты айтылып отырған жүйелі сын қоғамда басылар емес. Сондай сынның бірін белгілі заңгер Зәуре Батталова айтады: «қандай жолмен қалыптасса, Парламент – сондай балады». Тұжырымның теориялық негізі тастай.

Бұл шақырылған Парламент Мәжісілісі – үш жылдан артық жұмыс істемейді дейтін пікір айтылуда. Оның себебін – легитимсіздікпен байланыстырады. Орын алып жатса, бұл – нонсенс болары сөзсіз.

Екі жыл бұрын Қ.К.Тоқаев билікке келгенде біз автократтық демократия жолын таңдағанымыз жөн деп айтқаным бар. Артынша осы конъюнктурлық пайымымүшін ұялдым. Саудың сөзі ме әлде сандырақ па, суреті айқындалып келеді.

Сайлауға тағылып отырған сын – депуттардың екі есе белсенділігін талап етеді. Біраз мәселе айтылатын болады. Біраз сұрақ шешімін табады. Бұл жеткілікті бола ма – халық бағасын береді.

Айтпақшы, қазақ тарихында бүтін ұлт болып дұрысты – дұрыс, бұрысты – бұрыс деп бірауыздан ешқашан қарсы тұрмаған екенбіз. Сыртқы жау болсын, ішкі дау болсын. Мұндай практика жоқ. Кенесары да Көкшетаудан Қордай асқанша жүріп, толық қолдау таба алмаған сормаңдай. Әйтпесе жеке бастың қамы емес екендігін рубасылар түсінді. Әбілхайырдың тірлігі анау. Бұл біздің саяси ұлт ретінде қалыптаспағанымызды көрсетеді.

«Байтақ» өтіп тұр еді. Енбей қалғаны ел үшін олжа емес. Пікір алуандығы қәзір ауадай қажет.

Бұл шақырылым ойдағыдай жұмыс жасамаса, жалғыз Президентке алдағы жеті жыл ел басқару қиынға соғады. Ащы сындар айтылып, халық қажетті игіліктерге қол жеткізуі тиіс. Көзге көрінетін нақты нәтижелер керек.

Заңгер Қазыбек Дәуітәлі

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.