21-02-23 |
360 рет қаралған
30-дан астам ел Ресейді Олимпиададан шеттетуді қолдады.
30-дан астам ел Ресейді Олимпиададан шеттетуді қолдады

Дүниежүзінің 30-дан астам мемлекеті Ресей мен Беларусь спортшыларын халықаралық жарыстардан шеттету туралы бастаманы қолдады. Бұл жөнінде Reuters Ұлыбритания үкіметінің мәліметіне сүйеніп хабарлады.

АҚШ, Франция мен Ұлыбритания қол қойған бірлескен мәлімдемеде бастамаға Ресейдің Украинаға жасаған шабуылы түрткі болғаны көрсетілген.

«Ресей мен Беларусь спортшылары жарыстарға бейтарап статуспен қатысып жүргенімен, оларды мемлекеттері қаржыландырып отырғаны белгілі» – деп жазылған мәлімдемеде.

Құжатта «Беларусь пен Ресей спортшылары халықаралық спорт қауымдастығына өз елдері бастаған соғыс аяқталған кезде ғана қосыла алады» деп жазылған.

Украина президенті Владимир Зеленский биыл ақпанның басында Ресей спортшыларын Олимпия ойындарынан шеттету керек деп мәлімдеген. Литва, Латвия, Эстония мен Польша спорт министрлері де осыған ұқсас мәлімдеме жасаған.

Азаттық радиосының мәліметінше, Халықаралық Олимпиада комитеті қаңтардың аяғында Украинадағы соғысқа ашық қарсы шыққан Ресей мен Беларусь спортшыларын халықаралық жарыстарға бейтарап ту астында қатыстыра беруді ұсынған.

2022 жылы 24 ақпанда, Пекинде Қысқы Олимпиада аяқталысымен Ресей Украинаға басып кірген.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.