Біз
әлеуметтік
желіде
12-06-25 |
1770 рет қаралған
Әдеп кеңесінің әдепсіздігі: 40 мың теңге алатын пошташыға 58 980 теңгеге айыппұл салған.
Әдеп кеңесінің әдепсіздігі: 40 мың теңге алатын пошташыға 58 980 теңгеге айыппұл салған

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы Кішіқарой ауылдық округінің әкіміне облыстық әдеп жөніндегі кеңесі скерту жасады. Бірақ әдеп кеңесі мүшелерінің бұл ескертуі адамгершілікке қайшы, биліктің халықты ойлауға тиіс ең басты функциясына қарсы болып шықты. Неге дейсіз ғой, қараңыз.

Кішіқарой ауылында төрт баланың анасы – көп балалы ана 2024 жылы пошташы болып жұмысқа кіреді. Айлығы 40 мың теңге. Сөйтіп, пошташы әкімшілік ғимаратындағы қуықтай орнында балаларға арналған заттар, шұлық, іш киім және басқа да ұсақ заттарды сатып аз айлыққа сеп болсын деп сауда істеген. Мұны ауыл әкімі Ботгөз Сәбирова және өзге де ауыл әкіміндегі қызметкерлер білген. Әкім де өзгелер де пошташыға ештеңе демеген яғни түсіністікпен қараған. Бірақ Солтүстік Қазақстан облысындағы әдеп кеңесінің мүшелері әлгі жағдайды өрескел заң бұзу, әдеп нормасына қайшы, этикаға жат деп тапқан. Сөйтіп 40 мың теңге алатын пошташы әкімшілік жауапкершілікке тартылып,  58 980 теңгеге айыппұл салынған. Ал пошташыға жаныашыған әкім Ботагөз Сәбироваға ескерту жасалған.

Облыстық әдеп кеңесінің пайымынша, мемлекеттік орган ғимаратында сауда жасау заңға қайшы. Сонда кеңес мүшелері үшін әдеп пен адамгершіліктің, жанашырлық байланысы жоқ, қоғамға жат қылық па? Ал 40 мың теңге алатын пошташыны әкімшілік жауапкершілікке тартылып,  58 980 теңгеге айыппұл салу әдептің қай түріне жатады? Бұл сауалға Солтүстік Қазақстан облысы әдеп кеңесі мүшелерінен жауап күтеміз!

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.