15-12-23 |
840 рет қаралған
Алматы маңындағы тұрғындар жолды жауып тастады.
Алматы маңындағы тұрғындар жолды жауып тастады

Алматы маңындағы Іле ауданының тұрғындары газсыз, жарықсыз қалған. Шыдамы таусылған тұрғындар кеше кешкісін тас жолды жауып тастады.

Тұрғындар бірнеше күннен бері жарықсыз, газсыз отырғандарын айтады.

Жергілікті әкімдік электр тоғын беруді қалпына келтіргендерін мәлімдеді.

«Алматы облысы Ілеу ауданында кеше түнгі сағат 23.00 шамасында электр тоғын беру қалпына келтірілді. 14 желтоқсанда кешкісін Көкқайнар Ащыбұлақ ауылдық округінде электр тоғында апатты жағдай болып, 3500-дай абонент жарықсыз қалды. Апатты топ шұғыл қызмет етті. Жарықтың өшуіне кабелдің үзілуі себеп болған. Іле ауданының әкімі Б. Қарасаев тұрғындармен жолығып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қазір жағдай тұрақталды», – делінген әкімдік хабарламасында.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.