19-01-23 |
450 рет қаралған
Алматыда ArtSport бағдарламасы бойынша 2,5 миллиард теңге ұрланған.
Алматыда ArtSport бағдарламасы бойынша 2,5 миллиард теңге ұрланған

Алматы әкімі Ерболат Досаев «ArtSport» бағдарламасы бойынша 2022 жылы бөлінген 20 миллиард теңгенің 2,5 миллиард теңгесі ұрланғанын айтты. Сондықтан баланың келгенін жазып алатын арнайы QR-код енгізіледі.

Бұл туралы ол 19 қаңтарда Алматы қаласы Алатау ауданында тұрғындармен кездесуінде мәлімдеді.

«Өткен жылы Алматыға 20 миллиард теңге бөлінді, оның 2,5 миллиард теңгесі ұрланған, бүгін біз барлығын, компанияларды сотқа бермекпіз», -деді әкім.

Әкім сол себепті баланың келуін жазып алатын арнайы QR-код енгізілетінін айтты, деп жазды Zakon.kz.

«Биыл Алматыда 16 миллиард 200 миллион теңге бөлініп, қысқартылған жоқ, алты ауданның әрқайсысына 2 миллиард 350 миллион теңгеден бөлінді, балаларға мүмкіндік ашылды, бұған алаңдамаңыз»,- деді Ерболат Досаев.

Желтоқсан айының соңында ArtSport бағдарламасының шарттарына өзгерістер енгізілді.

Бұған дейін Бас прокуратура 1,1 млрд теңгеге бюджет ақшасының ұрланғанын анықтаған болатын. Жемқор шенеуніктер іс жүзінде ешқайда кетпеген 6 мыңға жуық баланы үйірмелер мен секцияларға қабылдаудың схемасын әзірледі. Нақты қызмет көрсетуде де үлкен проблемалар болды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.