03-03-23 |
510 рет қаралған
«AMANAT» партиясының үгіт-насихат кездесулері Павлодар ауданында жалғасты.
«AMANAT» партиясының үгіт-насихат кездесулері Павлодар ауданында жалғасты

«AMANAT» партиясының атынан облыстық және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер бүгін Павлодар ауданын аралап, сайлаушылармен кездесуде. Үгіт-насихат кездесулеріне облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлерден Олег Костенко, Рамиль Смаилов, Серік Жартыбаевтың сенімді өкілі және аудандық мәслихатқа кандидаттар қатысып, халықтың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Агитациялық топтың мүшелері алдымен Жаңа қала ауылының тұрғындарымен кездесті. Ауылдағы ағайындар ауыл жолдарын жөндеу, интернет байланысын жақсарту, ауыл көшелерін жарықтандыру, қар тазалау және ауыз су мәселелерін көтерді. Кандидаттар тұрғындардың барлық арыз-шағымдарын тіркеп, тиісті орындарға жеткізетінін айтты.

– Ел арасында түйіні шешілмеген маңызды мәселе көп. Үгіт-насихат жұмысы басталғалы көп жерге барып, халықпен кездестік. Тұрғындар әртүрлі салада мәселе көтеріп, ұсыныстарын білдірді. Оның барлығын орталық штаб арқылы билікке жеткізіп жатырмыз. Сондықтан, 19 наурыз күні өз сайлау учаскелеріңізге барып, таңдауларыңызы жасауға шақырамын, – деді Олег Костенко.

Бүгінгі күн Павлодар ауданындағы екінші кездесу Үміт апа ауылында болып, жергілікті шаруа қожалық базасында, азық-түлік дүкенінде, медициналық пунктте жұмыскерлермен және тұрғындармен пікірлесті. Ауыл тұрғындары мал азығының тапшылығы, жайылым жерінің жетіспеушілігі, интернет байланысының төмендігі және жолдардың сапасы жайлы мәселе көтерді.
Облыстық және аудандық мәслихатқа үміткерлер «Есіктен есікке дейін» акциясы бойынша үйлерді аралап, үгіт парақшаларын таратты.

«AMANAT» партиясының «ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ!» сайлауалды бағдарламасының 6 бөлімі «Түлеген ауыл, ауқатты ауыл тұрғыны» деп аталады. Онда ауылдықтардың әлеуметтік жағдайын көтеруге бағытталған көптеген ұсыныстар енгізілген. Яғни, барлық тұрмыстық және әлеуметтік инфрақұрылым ауыл тұрғындары үшін қолжетімді болуы керек. 2027 жылға дейін ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымын жаңғыртуға бір триллион теңге бөлінеді. Осылайша, алдағы жылдары ауылдарды таза ауызсумен қамтамасыз ету мәселесі толық шешілуге тиіс.

Дайындаған: «AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалының баспасөз қызметі, Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25А
Тапсырыс беруші: И.С. Теренченко
Павлодар облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді. *Осы ақпаратты кез келген бұқаралық ақпарат құралдарында (сайттарда, БАҚ аккаунттарында, әлеуметтік желілерде және блог-платформаларда, мессенджерлерде) қайта басып шығаруға, қайталауға, көшіруге, қайта жариялауға, репост жасауға және өзге де шығаруға және/немесе таратуға тыйым салынады. Сондай-ақ, осы ақпаратты әлеуметтік желілерде, әлеуметтік желілер мен әлеуметтік платформалардың аккаунттарында, мессенджерлерде таратуға тыйым салынады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.