02-07-20 |
390 рет қаралған
Астана күнінің барлық іс шаралары онлайн режимінде өтетін болды.
Астана күнінің барлық іс шаралары онлайн режимінде өтетін болды

Фото Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтынан

Қазақстанда коронавирус індеті өршіп тұрғанына қарамастан «Астана күнін» тойлауға байланысты өтетін шараларды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі халыққа хабарлаған еді. Алайда бұл көпшіліктің наразылығын тудырды. Енді бүгін Елорда күніне байланысты барлық іс шаралары онлайн режимінде өтетін болды деп мәлімдейді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Эпидемиологиялық ахуалға байланысты бұған дейін Елорда күніне жоспарланған барлық іс-шаралар тоқтатылды. Шаралар тек онлайн режимде өтеді. Бұл туралы қалалық мәдениет басқармасы хабарлады. Мысалы «Домбыра күні» шарасын тұрғындар Қазақстан телеарнасынан онлайн режимде тамашалай алады. Іс-шаралардың көпшілігі әлеуметтік сипатта болады – ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған реабилитациялық орталық, жұмыссыз әйелдерге ШОБ негіздерін үйрететін «Кәсіпкер ана» әлеуметтік орталығы, Жағалау ауданында жедел жәрдем стансасы мен «Доктор у дома» медицина орталығы және басқа да әлеуметтік нысандардың ашылуы болады. Шараларға қатысатын адамдар саны шектелген. Сонымен қатар үй кезегіндегілер мен үлескерлерге пәтер кілттері тапсырылады – қатысушылар саны шектеулі және санитарлық нормалар қатаң сақталады: маска тағып, әлеуметтік қашықтық сақтау керек» деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, кеше 1 шілдеде Нұр-Сұлтан әкімдігі қала күнінде өтетін шараларды хабарлағанын және қала тұрғындары мен қонақтарын мерекеге шақырғанын жазғанбыз. 

Ресми статистикада 1 шілдедегі ахуал бойынша Қазақстанда 1509 коронавирус жұқтырған науқас тіркелді, аталған індетке шалдыққан адамдардың жалпы саны 42574 құрады. 

Кронавирустың өршіп кеткеніне қарамастан “Астана күні” тойланады

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.