24-12-23 |
1730 рет қаралған
Астанадағы жеке үйлердің 50%-ы табиғи газға қосылды.
Астанадағы жеке үйлердің 50%-ы табиғи газға қосылды

Астанаға газ келгелі 10 мыңнан астам жеке тұрғын үй газға қосылған. Қалған үйлерді газбен қамту 2025 жылы аяқталмақ.

«QazaqGaz» ҰК» АҚ-ы магистральді газды 2021 жылы қалаға жеткізген. Қазір «ҚазТрансГаз» АҚ және өзге де еншілес комапниялармен қаланың ішіне газ құбырын тарту жұмыстары жүріп жатыр.
БАҚ өкілдерімен кездескен «ҚазТрансГаз» АҚ Бас директоры Бауыржан Асқаров қалада газ құбыры тартылған жерлерде жеке үйлердің 80 пайызы газға қосылғанын айтты. 2021 жыдан бері 10 440 абономент газға қосылған, енді тағы 10 мыңдай абономентті газға қосу жұмыстары жүріп жатыр. Қалған жеке үйлер орталықтандырылған жылуға қосылған.

«Газ экологиялық таза өтім. Оның үстіне от жағып, күл шығармайсың. Қай жағынан болсын халыққа тиімді. Соны сезген халық соңғы жылдары газға көптеп қосыла бастады. Біз газ құбырын үйдің жанына дейін тартып береміз. Ары қарай жеке компаниялар үйге кіргізеді», – дейді Бауыржан Асқаров.

Сонымен қатар ол газ бағасына компания еш ықпал ете алмайтынын айтты. Газ бағасын мемлекет бекітеді. Ол әр өңірде ар алуан. Мәселен, газ шығатын елдің батысында 1 текше метрі 7 теңге болса, Астанада ол 38 теңге.

«QazaqGaz» ҰК» АҚ-ы басшылығы газды өз бағасынан төмен бағада, яғни субсидиямен жеткізіп отырғандарын айтады. Сол себепті газды үнемдеп қолдануға шақырады.

«QazaqGaz» ҰК» АҚ-ы Президенттің тапсырмасы бойынша еліміздің газ инфрақұрылымын өз қаржысынан инвестициялап отыр. Мәселен, Атырау, Алматы, Астанада және өзге өңірлердегі жобаларға 400 млрд теңгеден аса қаржы жұмсадық. Оған қоса, әлеуметтік осал топтаға жұртшылыққа газ беруде 389 млрд теңге субсидияланды», – дейді «QazaqGaz» ҰК» Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов.

QazaqGaz биыл еліміз бойынша 600 мыңға жуық адамды газбен қамтыған. Әсіресе, Түркістан облысындағы елді-мекендердің көбі газға қол жеткізіпті.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.