12-10-22 |
410 рет қаралған
Бақытжан Сағынтаевтың үстінен жерді заңсыз иеліктен шығару бойынша тексеріс жүргізіледі – прокуратура.
Бақытжан Сағынтаевтың үстінен жерді заңсыз иеліктен шығару бойынша тексеріс жүргізіледі – прокуратура

Бас прокурор Берік Асылов Бақытжан Сағынтаевтың Алматы қаласының әкімі болған кезде жер телімдерін заңсыз иеліктен шығару туралы ақпаратты тексеруді тапсырды.

«Алматы қаласының прокурорына Мәжіліс депутаты Азат Перуашевтың «Медеу» табиғи паркі аумағының бір бөлігін иеліктен шығарылғаны туралы өтініші бойынша ақпаратты жедел тексеруді тапсырдым. Егер бұл дерек расталса, оларды жою және кінәлілерді жауапкершілікке тарту шаралары қолға алынады», – деп жазды Асылов Twitter-дегі парақшасына.

Айта кетсек, бұған дейін Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Медеу табиғи паркінің 20% территориясы тұрғын үй салу құрылысына өтіп кеткенін мәлімдеген еді. Бұл жайт Бақытжан Сағынтаев шаһарға басшылық еткен уақытта болған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.