17-10-22 |
380 рет қаралған
Басқыншылар Херсондағы мемлекеттік мекемелерін көшіре бастады.
Басқыншылар Херсондағы мемлекеттік мекемелерін көшіре бастады

Ресей әскері Украинадан басып алған жерлерді сақтап қалуға барын салып жатыр. Дегенмен, Херсонда орнығып қалған «мемлекеттік мекемелерін» бұған дейін басып алған Қрым түбегіне көшіре бастады.

Ал, Украина күштері жерін қайтаруға шындап кірісіп, жауды қыспаққа ала бастады. Бас штаб ресейлік әскерлер Бахмут және Авдеевский бағытында шабуыл операцияларын жүргізуге тырысып жатқанын мәлімдеді.

Украина әуе күштері кеше жау шебіне жиырмаға жуық соққы жасаған. Он жеті нысанда әскери техника мен қарулар қирағаны расталды.

Оған қоса басқыншылардың қолындағы Запорож облысындағы Бердянск қаласында жарылыс болып, арты үлкен өртке айналғаны хабарланды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.