26-03-24 |
4250 рет қаралған
Дизель отынын қолдан тапшылық жасауға жол бермеу керек – премьер-министр.
Дизель отынын қолдан тапшылық жасауға жол бермеу керек – премьер-министр

Бүгінгі Үкімет отырысында Олжас Бектенов алыпсатарлыққа және жеңілдетілген дизель отынын қолдан тапшылық жасауға жол бермеу керектігін тапсырды.

«Жеңілдікті дизель отынын үлестіру барысы да ерекше бақылауда болуға тиіс. Алыпсатарлыққа және қолдан тапшылық жасауға жол бермеу керек. Жалпы, Ауыл шаруашылығы министрлігі облыс әкімдіктерімен бірлесіп, көктемгі егіс жұмыстарын уақтылы жүргізу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауы қажет. Жұмысты күшейтіп, анықталған мәселелерді шешудің нақты жолдары болуға тиіс», – деді ол.

Энергетика, Ауыл шаруашылығы министрліктері мен облыс әкімдіктері арзандатылған отынның бөлінген көлемін жеткізуді бақылауға алып, операторлардың оны дер кезінде тиеп-жөнелту жұмыстарын қамтамасыз етуге тиіс.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.