21-12-23 |
2600 рет қаралған
Досаев халыққа жекіп ұрысқаны қателік болғанын мойындады.
Досаев халыққа жекіп ұрысқаны қателік болғанын мойындады

Бүгін Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Орталық коммуникациялар орталығындағы баспасөз конференциясына қатысып, журналистердің сұрақтарына жауап берді. Баспасөз мәслихатында әкім өзінің қателігі бар екенін мойындады.

Жиында журналист әкімге «Сіздің халықпен кездескен кездегі әрекетіңіз әлеуметтік желіде көп сыналады. Сұрақ қоюуға келген халыққа жекіп, ұрсып тастайсыз. Тіпті президент Тоқаевтың өзі халықпен кездескен кезде, сіз секілді өзін өктем ұстамайды. Халықтың алдына келген кезде неге өктем сөйлейсіз, бұл мемлекеттік қызметшіге тән қасиет пе?» деп сұрақ қойды.

«Енді шынын айтпай бұл сұрақ өткен жылдан бастап көтеріліп жатыр. Халықпен алғашқы кездесулерде эмоциялар көп болған еді. Өздеріңіз білесіздер кездесулер 5-6 сағат болатын. Одан кейін өз жағымнан халыққа ұрсып жатқан… керек болса ютуб-та бәрі бар ғой. Сонда кіммен ұрсып жатырмын ба, жоқ па қарап шығыңыздар. Халықты сыйлап, сұрақтарына жауап бердім. Бірақ көп кездесуге адекватный, не адекватный келіп жатқандарда жетіп жатыр. Оның бәрі халықтың сұрақтары емес. Кездесуде дауысын көтерген соң «Мұнда көп халық жиналған соң шыдамды болыңдар» деп сабырға шақырамын. Уақыт уақытымен, олар естімегеннен кейін бізде тірі адамбыз. Былай қарасақ, халықты және қала тұрғындарын сыйлаймын. Одан бөлек кезде қалада жүремін, ресми кездесулерім бар. Бізде бәріміз өзгереміз ғой. Сондықтан ескі ақпаратты айтып отырған сияқтысыз», – деді әкім.

«Яғни халықтың алдында өктем сөйлеген қателігіңізді мойындайсыз ғой» деген журналисттің нақтылау сұрағына әкімдер «Сонша жылдан бері проблема шешілмеген соң іштері қайнап кеткен кездер болады. Қателіктер әр адамда бар, менде де бар» деп қысқа қайырды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.