31-12-22 |
420 рет қаралған
«Ел тағдыры» республикалық саяси партиясының жалған съезі көзбояушылықпен аяқталды.
«Ел тағдыры» республикалық саяси партиясының жалған съезі көзбояушылықпен аяқталды

«Ел тағдыры» республикалық саяси партиясының съезіне қатысқаны үшін адамдарға ақша ұсынылған. Соған қарамастан, іс-шара небары 10 минутқа да жетпей аяқталып, ұйымдастырушылар заңды белшесінен басқан.

Қатысушылардың бірінің айтуынша, 200-ге жуық адам шамамен 3.000-нан 5.000 теңгеге дейін белгілі бір ақыға алаяқтық жолмен шақырылған.

«Бізді алдау арқылы жаңа жылдық кешке шақырды. Олар тегін аста-төк дастарқан, көңілді кеш болады деп айтып, соңында үш мыңнан бес мың теңгеге дейін ақы төлеуге уәде берді, бірақ бұл жерде жаңа жылдық кеш емес, саяси партияның съезі болып шықты»,-деді ол.

БАҚ-тың бірінде «Ел тағдыры» партиясының съезі туралы хабарлама жарияланған. Сонымен қатар, ватсап чаттарында 30 желтоқсан күні сағат 15.00-де жиналатын болып, кейін қандай да бір себептермен уақыты 18.00-ге ауыстырылған.

Басқа бір қатысушының айтуынша, съезд белгіленген уақыттан жарты сағатқа кеш басталып, жиналғандардың ашуын туғызған. Кеш «Ақ жаулық» дәстүрлі музыка оркестрінің концертімен басталған.

Одан кейін Сыздықов Мәлік сөз сөйледі. Көпшілік жиналыстың алдымен орыс тілінде өткеніне наразы, сондықтан спикерді қазақ тілінде сөйлейтін маманға ауыстыруға тура келді. Бұл процесс те ұзаққа созылған.

Кейін бұл азамат мемлекеттік тілде «онлайн-аудармашы» сынды небары 3 минут сөз сөйледі. «Ел тағдыры» саяси партиясының съезі деп аталатын жиын бар-жоғы 8 минутқа созылды.

Іс-шараға қатысушылар кіреберісте тіркеу болмағанын, ол заң бойынша болуы тиіс екенін, сонымен қатар адамдардың саны 600 адамнан аспағанын атап өтті. Қорытындысы бойынша құрылтай съезінің хаттамасы жасалмады және дауыстарды санау нәтижесі жарияланбады.

Бұның барлығы өрескел бұзушылық болып табылады.

Айта кету керек, «Саяси партиялар туралы» ҚР Заңының 6-бабына сәйкес «партия саяси партияның Құрылтай съезін (конференциясын) шақыратын және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың үштен екісін білдіретін кемінде жеті жүз адамнан тұратын Қазақстан Республикасы азаматтары тобының бастамасымен құрылады».

Іс-шара аяқталғаннан кейін қатысқан үшін ақы төлеу мәселесі сөз болды. Біреуге қолма-қол ақша берілсе, басқалары 5000-10000 теңге мөлшерінде банк карталарына аударым алды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.