23-09-22 |
310 рет қаралған
Халық ел дамуының куәсі болады – әнші.
Халық ел дамуының куәсі болады – әнші

– Биыл қоғамға пайдасы тиетін түрлі саяси реформалар көптеп жүріп жатыр. Әсіресе, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1 қыркүйектегі Жолдауынан кейін халық біршама жақсы жаңалықтарға қанықты. Қарашада өткелі тұрған президент сайлауы да осы үлкен өзгерістердің жалғасы деп білемін, дейді әнші, «Славян базары-2021» байқауының жеңімпазы Рухия Байдүкенова.

Сайлаудан кейін де мемлекетімізде оң үдерістер көп боларына сенімдімін. Келешекте әлем саясатындағы жағдай күрделене беретін секілді көрінеді, сондықтан сайлауды мерзімінен бұрын өткізгенді құптаймын. Елімізде азаматтық қоғам қалыптасып келе жатыр, әр адам өз көзқарасын ашық айта алады. Соның бір дәлелі – саяси партиялардың құрылуына жеңілдік жасалып жатқаны. Әділ бәсекелестік қалыптасатынына сенім бар. Қазір зиялы қауым өкілдері, белсенділер жаңа өзгерісті қолдауда. Бұл тұста халықтың да мемлекет келешегіне сенімі аса маңызды. Ол үшін азаматтар сайлауда таңдауын жасап, дауыс беріп, болашақтың іргесін қалауға ат салысқаны абзал. Сайлауда таңдау жасау арқылы біз саяси өмірді өзгертуге ықпал ете аламыз. Сондықтан, алдағы президент сайлауы ауқымды реформалар мен үлкен өзгерістердің жаңа бастауы боларына дау жоқ. Ең бастысы, халқымыз әр істің игілігін көріп, ел дамуының куәсі болғаны – үлкен жетістік.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.