23-04-23 |
1930 рет қаралған
Илан Масктің ғарыш кемесі индустрияны толықтай өзгертпек.
Илан Масктің ғарыш кемесі индустрияны толықтай өзгертпек

SpaceX компаниясының ең үлкен ғарыш кемесі ұшырылды. Старт жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 8:34-те Техас штатындағы Бока-Чика қаласындағы шағын ғарыш айлағынан басталды.

SpaceX негізін қалаушы Илон Маск жаңа ұшырылым екі айдан кейін болуы мүмкін екенін хабарлады. Starship ең үлкен ғарыш кемесінен кемінде екі есе үлкен. Кеменің биіктігі шамамен 120 метрді құрайды және тартылыс күші кез келген ғарыш кемесінің қуатынан екі есе дерлік жоғары. Жоспар бойынша, Super heavy-дің бірінші кезеңі ұшырылғаннан кейін бірден қонып, Starship ғарышқа шығуы керек еді. Ұшырылғаннан кейін төрт минуттан соң кеме техникалық себептерге байланысты өзін-өзі жаруға мәжбүр болды. Алайда SрасеX компаниясы үшін бұл сынақ ұшырылымын сәтті деп санайтынын айтты.
Starship-ті іске қосудың алғашқы әрекеті өткен дүйсенбіде болған. Оның алдында, Илон Маск команданың сәтсіздікке дайын екенін айтқан.

Илон Маск ғарыш кемесінің индустрияны толықтай өзгертетініне сенімді екенін ВВС News хабарлады. Ол орбитаға адамдарды немесе жүктерді жеткізуге, күніне бірнеше рейс жасауға мүмкіндігі барын жеткізді. Масктің айтуы бойынша, бұл кеме болашақта адамдар үшін планетааралық саяхат дәуірін ашатын транспортқа айналады.

Экипажды айға жеткізуге қабілетті Starship нұсқасын әзірлеу үшін NASA SpaceX-ке шамамен 3 миллиард доллар бөлді.

NASA мемлекеттік аэроғарыш әкімшілігі Starship және зымыран сынақтарын мұқият бақылауда.
Оңтүстік Калифорния университетінің астронавтика профессоры және SpaceX кеңесшісі Гаррет Райзман Илан Масктың Күн жүйесіне одан да тереңірек енгісі келетінін айтады.

«Ол Starship-ті парадигманың тағы бір үлкен қозғалысы, көптеген мүмкіндіктерге апарар қадам ретінде қарастырады. Сонымен қатар «Starship-тің революция жасауға әлеуеті бар. Ол өзінің үлкендігімен, үнемділігімен және зор мүмкіндігімен көп өзгерістер енгізетіні анық.»,-деді ол ВВС-ге берген сұхбатында.

Ақлима Болатқызы

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.