20-09-22 |
340 рет қаралған
Иран әйелдері хиджабтарын өртеп, билікке қарсы шықты.
Иран әйелдері хиджабтарын өртеп, билікке қарсы шықты

Иранда хиджапты дұрыс кимеді деген қыздың өлімі әйелдердің ереуіліне ұласты.

22 жастағы Махса Аминиді полиция қызметкерлері хиджапты дұрыс кимеді деп ұстаған. Құқыққорғаушылардың мәліметінше, қыздың басы толық жабылмағаны үшін полицейлер оны қатты соққыға жыққан.

Секкез қаласында қызды жерлеу кезінде ашынған әйелдер наразылыққа шықты. Аминидің өлімінен кейін Иран астанасы мен солтүстік-батыстағы Күрдістан провинциясында әйелдер ереуілге шықты.

Наразылық шарасына қатысушылар үкіметке қарсы ұрандарды айқайлаған. Кейін Иран тұрғындары әлеуметтік желіде флешмоб ұйымдастырды. Әйелдер ұзын шаштарын қиып, хиджаптарын өртеген видеоларды желіге жариялады.

Елдегі наразылық шаралары осымен үшінші күн жалғасып жатыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.