06-03-23 |
1400 рет қаралған
Кандидаттар жұмысшылармен және студенттермен кездесті.
Кандидаттар жұмысшылармен және студенттермен кездесті

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісі депутатына үміткер Вера Ким, облыстық мәслихат депутатына үміткер Жанбол Жилбаев, Раушан Даумова және қалалық мәслихатқа үміткер Қобланбек Қожин, Байғабыл Майкотов, Виктор Пряхин, Айдар Құрымбаев «ERG Service» АҚ және «КЭЗ» АҚ ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында кандидаттар кәсіпорын жұмысшыларына партияның «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, қандай мүмкіндіктер қамтылғанын айтты. Құжатта азық-түлік, киім-кешек, баспана, білім мен медицина сияқты күнделікті қажеттіліктің қолжетімді бағада болуын қамтамасыз ету, жұмысшылар жұмыс орнындағы жеке қауіпсіздігін, құқықтары мен денсаулығын қорғау мәселесі қамтылған.

Сайлаушылар өз кезегінде көп балалалы отбасылардың баспаналы болу мүмкіндігін кеңейту, зауыттағы жұмысшылар арасында тіл курстарын жүргізу мәселелерін көтерді.

Сонымен қатар, ҚР Парламенті Мәжілісі депутатына үміткер Вера Ким, облыстық мәслихат депутатына үміткер Раушан Даумова және қалалық мәслихатқа үміткер Қобланбек Қожин, Айдар Құрымбаев «AMANAT» партиясының облыстық штабында студенттермен кездесті. Үгіт-насихат кездесуіне Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің студенттері қатысты. Кандидаттар «AMANAT» партиясының өңірлік сайлауалды бағдарламасының студенттерге қатысты тұстарын ерекшелеп айтып, алдағы уақытта білім алушылармен жас мамандардың әлеуметтік жағдайы назарда болады деді.

– Жаңа Қазақстан өздеріңіздей жалынды жастармен құрылады. Соның ішінде «AMANAT» партиясының жасап жатқан жұмысы өте ауқымды. Кезінде өзіміз де жұмыссыз жүргенде партияға хат жазып, көмек сұрайтын едік. Соның нәтижесінде мәселеміз шешіліп, жұмыс табатын едік. Біздің партия тәулік бойы халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, шешу жолдарын тауып келеді, – деді Айдар Құрымбаев.

Студенттер тарапынан да сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды. Мәселен, ректор грантымен оқитын жастар ешқандай шәкіртақы алмайды. Сондықтан, оларға ең төменгі мөлшермен болса да шәкіртақы тағайындалса дейді олар. Одан бөлек ағылшын тілі мұғалімі мамандығы бойынша грант аз бөлінеді. Студенттің айтуынша, кейбір түлектер ҰБТ кезінде 100-ден асырып ұпай жинаса да грантсыз қалып, ақылы білім алуға мәжбүр. Сондықтан, аталған мамандықта грант санын көбейту аса маңызды.
Жалпы студенттердің әлеуметтік жағдайы мен білім алу мүмкіндігі әркез партияның назарында. Колледж студенттерінің, бакалавр, магистр мен докторанттардың стипендиясы бір жарым-екі есеге өседі. Жоғары мектептегі білім грантының саны үлгерімнің объективті көрсеткішіне байланысты бір жарым есеге ұлғайтылатын болады. Жас ғалымдарды қолдау үшін ғылыми әзірлемелерге 1 000 грант бөлінеді.

Бүгін осы үгіт-насихат құрамы Павлодар қаласындағы сауда үйлерді аралап, кәсіпкерлермен және тұтынушылармен кездесіп, пікір алмасты. Сондай-ақ, кездесу барысында 19 наурыз күні болатын сайлауға шақырып, үгіт-насихат парақшаларын таратты.

Дайындаған: «AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалының баспасөз қызметі, Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25А
Тапсырыс беруші: И.С. Теренченко

Павлодар облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді. *Осы ақпаратты кез келген бұқаралық ақпарат құралдарында (сайттарда, БАҚ аккаунттарында, әлеуметтік желілерде және блог-платформаларда, мессенджерлерде) қайта басып шығаруға, қайталауға, көшіруге, қайта жариялауға, репост жасауға және өзге де шығаруға және/немесе таратуға тыйым салынады. Сондай-ақ, осы ақпаратты әлеуметтік желілерде, әлеуметтік желілер мен әлеуметтік платформалардың аккаунттарында, мессенджерлерде таратуға тыйым салынады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.