14-02-23 |
630 рет қаралған
Кәрім Мәсімовке шұғыл түрде ота жасалды.
Кәрім Мәсімовке шұғыл түрде ота жасалды

ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовке өткен айдың соңында шұғыл түрде ота жасалған. Астанадағы сот ісі барысында құлап қалған оны жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізген.

«Көптеген халықаралық гуманитарлық бостандыққа шақыруларға және Біріккен Ұлттар Ұйымының негізсіз қамау жөніндегі жұмыс тобының оны дереу босату туралы шешіміне қарамастан, Мәсімовтің бір жылдан астам жалғыз камерада отыруы алаңдатарлық. 30 қаңтарда ол құлап операция жасауға мәжбүр болды», – деп жазды Кәрім Мәсімовтің PR-қызметі.

Сондай-ақ 6 ақпанда оны абақтыға қайта әкеп қамағаны айтылады.

Өткен жылдың қаңтарында қамауға алынған Кәрім Мәсімовтің сот Астанада жабық түрде өтіп жатыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.