26-10-22 |
380 рет қаралған
Ксения Собчак Ресейден қашып кетті.
Ксения Собчак Ресейден қашып кетті

Журналист және тележүргізуші Ксения Собчак Ресейден кетіп қалды. Бұл туралы Ресейдің мемлекеттік БАҚ-ы хабарлады.

Собчакты оның коммерциялық директоры Кирилл Сухановқа қарсы қозғалған қылмыстық істі тергеу аясында ұстау керек болған.

Әзірге Собчакқа қатысты қылмыстық іс пен оны қамауға алу туралы ресми мәлімет түспеген, дегенмен мемлекеттік ақпарат агенттіктері құқық қорғау органдарындағы дереккөздерге сілтеме жасай отырып, мәліметтерді белсенді түрде жариялауда.

«Ол сейсенбіде түнде кетіп қалған. Бірақ ол кеше интернет арқылы Дубайға ұшуға билет сатып алған, ал ьүгін Түркияға. Осылайша журналист ізіне түскен құқыққорғаушыларды адастырған. Ал, өзі Беларуссия арқылы Литваға өтіп кеткен. Оның ізіне түскендердің қолында Собчакты қамау жөнінде тергеушінің шешімі болған», – деп мәлімдеді анонимді дереккөзі ТАСС агенттігіне берген сұхбатында.

Бұған дейін Мәскеу маңындағы Собчактың үйі тәркіленгені туралы ақпарат шыққан.

Жақында оның коммерциялық директоры Кирилл Сухановтың қамауға алынғаны белгілі болды. Собчак бұл жағдайды журналистке қысым көрсету деп атады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.