20-10-22 |
470 рет қаралған
Әлем елдерінің алтын көпірі – Қазақстан.
Әлем елдерінің алтын көпірі – Қазақстан

Қасым-Жомарт Тоқаев елордада өткен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитінде «біздің алдымызда тұрған ерекше маңызды міндет – туындаған зор қауіп-қатерлер жағдайында халықаралық қатынастардағы тұрақтылыққа қол жеткізу. Көпжақты механизмдерге тың серпін беру және ашық диалогқа оралу аса маңызды» деген болатын. Тіпті, сол самитте біздің Мемлекет басшысының төрағалық етуі – еліміздің маңыздылығын көрсетті. Өйткені біздің ел бүгінде әлем елдерінің алтын көпіріне айналған. Себебі осы жерде әлем халықтарының басы тоғысады.

Қазір жер шары тыныштығын жоғалтты. Мемлекет аралық шиеліністердің салдарынан біраз елдердің қақтығысы соғысқа ұласты. Халықтың, жалпы адамзаттың құты қашты. Мемлекет арасындағы келіспеушіліктің болмауынан бір-біріне деген сенімін жоғалды. Ал арада сенім қалмаса, бейбітшіліктің де ауылы алыстайды. Соған қарамастан біздің ел әлем халықтарынң басын біріктіріп, өзара келісім мен татулық әкелуде.

Оған дәлел кешегі Қазақстанға Рим папасының келуі, Діндер съезіне түрлі ұлт өкілінің ақсақалдарының бас қосуы – тарихымыздағы елеулі оқиғаның бірі. Бейбітшілік елшісі ретінде келген Рим Папасы Франциск та осыны алға тартты. «Сіздерде «Береке басы – бірлікте» деген мәтел бар. Бұл барлық жерде, әсіресе осы жерде маңызды ұғым екені сөзсіз. Елде 150-ге жуық этникалық топ пен сексеннен астам тіл бар. Әртүрлі тарихы, мәдени және діни дәстүрлері бар бұл халықтар бірлесе, адам айтса нанғысыз ынтымақтастық орнатқан». Міне, осыдан-ақ қазақ елін біріктіріп отырған ынтамақтастық екені белгілі. Сол себепті, ынтымағы бар елдің – ырысы артатынын ұмытпайық. Бар болайық, бір болйық!

Ғабит Сатмағамбетов
меценат

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.