15-03-23 |
300 рет қаралған
Мәдениет саласының қызметкерлеріне «Аmanat» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтары туралы айтылды.
Мәдениет саласының қызметкерлеріне «Аmanat» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтары туралы айтылды

«AMANAT» партиясынан Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттар Сәуле Сүлейменова мен Ербақыт Амантайұлы облыстық мұрағат және филармония ұжымдарымен үгіт-насихат кездесуін өткізді. Кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауап бере отырып, «AMANAT»-тың өкілдері бірінші кезекте кірісті арттыруға қатысты жоспарларымен бөлісті.

«Әрбір отбасы лайықты өмір сүруі тиіс. Біздің күш-жігеріміз азаматтардың әл-ауқаты мен табысын арттыруға бағытталатын болады. Партия әлеуметтік маңызы бар кәсіп қызметкерлерінің жалақысын көтеруге ниетті. Олардың қатарында мәдениет өкілдері, кітапханашылар, ТЖ қызметі, табиғат қорғау, орман және балық шаруашылығы қызметкерлері бар», – деді Сәуле Сүлейменова.

Айта кету керек, партия мәдениет саласын дамытуға ерекше көңіл бөледі. Бүгінде өңірдің 42 ірі ауылында Мәдениет үйі мен ауылдық клуб жоқ. Сондай-ақ, 29 мәдениет нысаны жөндеуді қажет етеді.

«Біздің мәдени мұрамызды сақтау, рухани және мәдени дамуға жағдай жасау, бос уақытты өткізу үшін кешенді шаралар қажет. Ол үшін партия 20 мәдениет нысанына күрделі жөндеу жүргізуге ұмтылып, кемінде 200 мың адамды мәдени іс-шаралармен қамтуға қолдау көрсететін болады, «Ұлттық мұра» жобасы аясында ұлттық-мәдени құндылықтарды одан әрі дамытуға және танымалдығын арттыруға қатысады», – деді Ербақыт Амантайұлы.

Сондай-ақ, кездесуге қатысушылар партиялықтар Петропавлдағы тұрғын үй кезектілігі мәселесін қалай шешуге ниетті екендігін сұрап білді.

«Бұл мәселені шешу үшін алдағы бес жылда партия әлеуметтік тұрғын үй құрылысына және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға қаражат бөлуге, салынып жатқан тұрғын үй көлемін ұлғайтуға және жеке үйлер салу үшін жер учаскелерін беруге жәрдемдесетін болады», – деп атап өтті Сәуле Сүлейменова.

Кездесу соңында депутаттыққа кандидаттар қызметкерлерді 19 наурызда дауыс беруге белсенді қатысуға және партияның бастамаларын табысты іске асыру үшін «AMANAT»-ты қолдауға шақырды.

Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізім ұсынған «AMANAT» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.