25-04-23 |
770 рет қаралған
Майкл Джорданға маңызды шешім қабылдауға не әсер етті?.
Майкл Джорданға маңызды шешім қабылдауға не әсер етті?

«Nike» – ең қымбат брендке айналған спорттық киімдер үлгісін шығаратын компания. Бүгінде атағын Air Jordan алып жүрген америкалық баскетболист Майкл Джордан күнделікті сағатына $29 мың доллар ақша алады. Бір қызығы, 1984 жылы Майкл сол кездегі танымал Adidas, Converse емес, тұтынушы саны аз Nikе компаниясымен келісімшартқа отыруына анасы ықпал етті.

Соңғы айтылған деректің өзіндік тарихы бар. Жақында кинотеатр төріне шыққан «Air.Большой прыжок» деп аталатын фильм кейіпкерлері оқиғаның шарықтауына ерекше әсер еткендей. Танымал ойыншының тікелей ойы анасына байланысты боларын кім білген. Негізінен, анасының бұлай шешім қабылдауына бір жағдай әсер етті. Қазақта жігіт үйленер алдында қыздың ата-анасының алдынан өтсе, шет елде жұмыс бабымен алдына барады екен. Ондай адам кім десек, қарапайым қызметкер Сонни Ваккаро осы мысалға дәл келеді.

Қысқаша тарих
Компания саудасын дамыту жолында «Nike» бірқатар баскетбол ойыншыларына таңдау жасап, солардың атына жаңа туынды ретінде аяқ киімге келісімшарт жасауға бел буады. Дегенмен «Талапты бала талпынған құстай» демекші, әлі Ұлттық Баскетбол қауымдастығына қабылданбаған жас ойыншының дара қасиетін байқаған Сонни Майклмен келісімшартқа отыру үшін басшысын көндіре алмай әлекке түседі. Мойымаған ол, бәсекелестіктің ұшы көкте болғанына қарамастан тікелей баскетболшының үйіне барып ата-анасымен сөйлесуді жөн көреді. Адидастың спорттық киім топтамасын жан тәнімен сүйген Майклды ондағы келісімге қол қоюына райын қайтарудың амалын дәйексөзден тапқандай. Үш бірдей брендпен кездесу барысында, финиш нүктесі Nike болған Джордан отбасысы қалайша келісімшарт жасасты?

Кейде қауіпке қарамай, тәуекелге бару оң нәтиже әкеледі. Қорытынды жауабынан қорыққан Сонни Ваккаро Майкл Джорданға ойын өзгертуге мына дәйексөзді айтып кетті:

«Ақылмен әрекет еткен адамға, ақша өздігінен келеді»

Үмітсіз арманы Mercedes 380 Sl көлігін қалаған баланың бәлкім осындай әрекетке барғаны себеп болар. Компания директоры Фил Майкл Джорданнан келер болжам құны $3 миллион доллар. Бақытына орай, баскетболшының есімі арқасында бір жылда $162 миллион доллар Air Jordan аяқ-киім топтамасы сатылды. Кейіннен, сатылым деңгейі жылына $4 миллиардқа жеткен кезде Фил ақшаның 4/2 бөлігін қайырылымдыққа жұмсады.

Осылайша фильм аясында көрсетілген тарихи сәттердің орын алғанын бірі білсе, бірі білмес. Күннен күнге Air Jordan әкелетін пайда пайызы өсуде. «championat.com» статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2022 жылы тек Jordan топтамасының өзі $5,1 млрд-қа табыс деңгейін көрсетті.

Дарина ТАУПИХОВА

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.