14-12-23 |
1510 рет қаралған
Маңғыстаудағы West Oil Software компаниясындағы ереуілге қатысты.
Маңғыстаудағы West Oil Software компаниясындағы ереуілге қатысты

West Oil Software көлік компаниясындағы жағдайға байланысты Бәсе (бұл дереккөзге сенім жоқ) сілтемелерімен көптеген хабарламалар алдым.

Бұл туралы не айтуға болады?

Компания Маңғыстаумұнайгазға көліктік қызметтерді ұсынумен айналысады. Штатта 540 аса адам жұмыс істейді. Компания 2018 жылы West Oil Software-ге өткен Ойл Транспорт Корпорэйшн (ОТК – ҚазМұнайГаз ҰК еншілес компаниясы) экс-қызметкерлерінің негізінде құрылған. Ауысу кезінде қызметкерлерге 5 жылдық жалақының 50%-ы ұсынылды (орта есеппен әрбір экс-қызметкер 10 млн теңгеден алған болатын).

Kompra.kz сайтының ақпаратынша қазіргі орташа айлық жалақылары 740 мың теңгені құрайды (ЕТҚ 2022 жылы – 5 млрд теңге, 2023 жылдың 11 айында – 6,2 млрд теңге).

5 жыл өткеннен кейін экс-қызметкерлер оларды қайтадан Еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі қарастырылған (жоғары жалақылар және түрлі премиялар) ҚазМұнайГаз компаниялар тобына қосуды талап етіп отыр. Қызметкерлер ОТК қызметкерлері сияқты ұқсас жұмыстарды орындап жатқанына наразы, бірақ бұл басқа заңды тұлға.

Дереккөз: DALA INSIDE телеграм каналы

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.