24-04-23 |
570 рет қаралған
Мансапқа қол жеткізген әйелдер неге дағдарысқа жиі ұшырайды?.
Мансапқа қол жеткізген әйелдер неге дағдарысқа жиі ұшырайды?

Бүгінде əйелдердің көбісі тұрмыс құрғанда, не мансаптың тағына шыққанда мұратқа жеттік дейді. Дегенмен, уақыт өте олардың басым бөлігі дағдарысқа ұшырап, өмірдің мағынасын жоғалтқандай болады. Енді бір əйелдер ел бесік пен жел бесікті қатар тербетіп, екі кеме құйрығын ұстайды. Олар өз қызметін өмір сүруге ұмтылыс пен шабыттың өзегі етеді. Оларға қарап «Болмасаң да, ұқсап бақ» деушілер де көп.

Осындай өр тұлғалардың бірі əрі бірегейі- Гүлмира Дайрабай.

Қазақстандық атақты тележүргізуші, журналист, «Болашақ» стипендиясының иегері, Франциядағы Sophia- Antipolis институтының, Оңтүстік Калифорния университетінің түлегі, аяулы жар, ана отбасы мен мансапты қатар алып жүру қазірде қиын емес деп есептейді. Тайм менеджмент пен заманауи технологияларды қолдана білу қажет. Журналист отбасымен бос уақытын қалай өткізетінін алдын ала жоспарлайды, балаларынан месенджерлер арқылы хабар алады. Амалын тапса, Гүлмира Тынышбекқызы сияқты ел ісі мен үй ісін үйлестіріп, қатар жүргізуге болады.

Журналистің айтуынша, оның тынымсыз еңбегі оны дағдарыстан сақтайды. Уақытыңды тіпті ұйқыға қимағанда, проблемалар туралы ойлап, дағдарысқа түсуге қайдан уақыт табасың дейді ол.

Заманауи қазақ əйелінің тағы бір озық үлгісі- Мақпал Жұмабай. ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі, заманауи қазақ өнеріне арналған Jangyryq, Ozgeepic жобаларының авторы, мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері, екі баланың анасы жөнінде əлеуметтік желілерде «Сыртынан қарап бой түзейтін тұлғам» деген пікірлер жиі айтылады. Мақпал Жұмабайды қазақ қыздарының Темірқазығы десе, артық болмас. Мақпал ханымдай болу үшін заман ағымынан қалмай, жаңалықтарды тез қабылдай білу керек, бірнеше сала маманының қызметін бірдей атқара білу керек. Ол өзінің өмірлік жолында өзіне əрдайым сын көзбен, талаппен қарауы маңызды рөл атқаратынын айтады. Мақпал Жұмабайдың пікірінше, қазіргі адамдар ар алдында адал болса, өмірдің əрбір саласын түзетуге болады. Сол себепті адам баласы тазалық пен іңкəрлікке ұмтылып, əр ісін ар сотына түсіру керек дейді ақын.

Олардан өзге ел ісі мен үй ісін үйлестіріп, қатар алып жүрген асыл жандар аз емес. Өзінің етреңгі ұрпақ алдындағы жауапкершілігін түсініп, заманауилық пен ұлттық болмысты үйлестіріп отырған əйелдер бар кезде, елдің еңсесі биік болары анық.

Фатима Нөкен

КазГЮУ-дың 1-курс студенті

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.