01-10-22 |
330 рет қаралған
НАТО Ресейдің жаңа аумақтарын мойындамайды – Столтенберг.
НАТО Ресейдің жаңа аумақтарын мойындамайды – Столтенберг

НАТО-ның Бас хатшысы Йенс Столтенберг Альянс Донецк және Луганск халық республикаларының (ДХР және ЛХР), Херсон және Запорожье облыстарының Ресейге кіруін мойындамайтынын айтты, деп жазды Azattyq Rýhy.

Ол сондай-ақ НАТО Украинадағы қақтығыстың тарапы емес екенін, бірақ оны қолдауды жалғастыратынын атап өтті.

«Солтүстік Атлантикалық альянстың мүшелері жаңа аймақтардың Ресейге кіргенін ешқашан мойындамайды және Украинаны қолдау жөніндегі міндеттемелерді өзгертпейді», – деді НАТО Бас хатшысы.

Айта кетейік, ЕҚЫҰ да төрт аймақтың Ресей Федерациясына кіруін халықаралық құқықты бұзу деп атады. Ұйым сонымен бірге Ресейді барлық күштерді «Украина аумағынан» шығаруға шақырды, сонымен қатар Украинаны қолдауды жалғастыратынын мәлімдеді.

Оның алдында Ресей президенті Владимир Путин Ресей Федерациясының құрамына ДХР мен ЛХР, Херсон және Запорожье облыстарын қосу туралы келісімдерге қол қойды. Мемлекет басшысы Ресей ешқашан ДХР, ЛХР, Запорожье және Херсон облыстарының тұрғындарына опасыздық жасамайды және аймақтардағы инфрақұрылымды қалпына келтіруге көмектеседі деп сендірді. Путин сонымен бірге Ресей Батыстың ережелерімен өмір сүрмейді деп мәлімдеді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.