13-03-23 |
630 рет қаралған
Навальный туралы түсірілген деректі фильм «Оскар» жүлдесін алды.
Навальный туралы түсірілген деректі фильм «Оскар» жүлдесін алды

«Навальный» фильмі Америка киноакадемиясының «Ең үздік деректі фильм» номинациясы бойынша «Оскар» жүлдесін алды.

«Оскар» жүлдесін алуға шыққан фильмнің режиссері Даниел Роэр жүлденің әлемдегі барлық саяси тұтқынға арналатынын атап өтті.

«Бұл марапатты Алексей Навальный мен әлемдегі барлық саяси тұтқынға арнағым келеді», – деді фильм режиссері.

Ал Алексей Навальныйдың әйелі Юлия Навальная күйеуінің «бар жазығы – демократияны қолдағаны» деген пікірін айтты, деп жазды Azattyq Ruhy.

«Менің күйеуім демократияны қолдағаны үшін, шындықты айтқаны үшін ғана түрмеде отыр. Алексей, сенің бостандыққа шығып, еліміз де азат елге айналатын күнді асыға күтемін», – деді «Оскар» жүлдесінің марапатында Юлия Навальная.

Айта кетейік, Ресейдегі оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйдың уланғаны туралы, оның Ресейге қайтып келгені туралы баяндайтын фильмді канадалық режиссер Дэниел Роэр түсіріп, 2022 жылы кезекті фестивальдің бірінде жарыққа шығарған. «Оскар» жүлдесінен басқа, бұл деректі фильмі Британияның «Бафта» марапатын да алып үлгерген.

Алексей Навальный Владимир облысының Мелехово қаласындағы №6 колонияда жазасын өтеп жатыр. Ол 2021 жылдың қаңтарында Ресейге оралғаннан кейін бірден бас бостандығынан айырылған болатын.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.