22-01-23 |
410 рет қаралған
Назарбаев кеңсесін ұстауға 6 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді.
Назарбаев кеңсесін ұстауға 6 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңсесін ұстауға үш жылға республикалық бюджеттен 5,6 миллиард теңге бөлінді.

«Республикалық бюджетті бөлу туралы» бекітілген заңға сәйкес, Елбасы кеңсесін ұстап тұруға үш жылға 5,6 млрд теңге бөлінді.

«2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет осы заңының 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2023 жылға арналған мынадай көлемдерде бекітілсін» делінген Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 1 желтоқсандағы Заңында.

Нәтижесінде 2023 жылға 1 678 654 млрд теңге, 2024 жылға 1 994 569 млрд теңге, 2025 жылға 2 154 435 млрд теңге бөлінді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.