14-12-23 |
980 рет қаралған
Орал әкіміне сот шешімін орындамағаны үшін айыппұл салынды.
Орал әкіміне сот шешімін орындамағаны үшін айыппұл салынды

Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай сот шешімін орындау міндетті болып табылады. Тараптардың әкімшілік істер бойынша іс жүргізу міндеттерін орындамау фактілері анықталған кезде сот ақшалай жаза қолдануға құқылы.

Мәселен, сот шешімін орындамағаны үшін БҚО Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотымен әкіміге 50 АЕК мөлшерінде ақшалай өндіріп алу түріндегі процесстік мәжбірлеу шарасы қолданылған, бұл 153.150 теңге.

«Іс материалдарынан БҚО МАӘС-ның 2022 жылғы 25 наурыздағы шешімімен Ж.азаматының талабы қанағаттандырылды, тұрғын үй комиссиясының тұрғын үй беруден бас тарту туралы шешімі заңсыз деп танылды және күші жойылды. Жауапкерге Ж.азаматына мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру туралы шешім беру міндеті жүктелген. Алайда, 2023 жылғы 27 қазанда талапкерден сот шешімі орындалмағаны туралы арыз түсті», – делінген хабарламада.

Осылайша, жауапкердің сот шешімін тиісінше орындамауы ақшалай өндіріп алу қолдануға негіз болып табылды.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.