14-12-23 |
1030 рет қаралған
Павлодарда жемқор шенеунікке 10 млн теңге айыппұл салынды.
Павлодарда жемқор шенеунікке 10 млн теңге айыппұл салынды

Павлодарда сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деп сотталған бұрынғы жер қатынастары бөлімінің басшысына қатысты үкім шықты. Экс-шенеунікке 10 миллион теңге айыппұл салынып, мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салынды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.

Сот залына қала әкімінің көмекшісі мен қатар екі кәсіпкер шақырылды.

«А.С. Павлодар қаласы жер қатынастары бөлімінің басшысы бола отырып, оның өкілеттігіне кірген әрекеттері, сондай-ақ жалпы қамқорлығы үшін 2023 жылғы наурызда делдал Д.Б. арқылы, кәсіпкер А.Е.-ден 200 000 теңге сомасында пара алды. Д.Б. кейіннен жер комиссиясына беру үшін көрінеу жалған құжат дайындады, делдал ретінде лауазымды тұлға А.С.-қа 2023 жылғы наурызда 200 000 теңге сомасында ақша қаражатын берді», – делінген хабарламада.

Д.Б. 2023 жылғы шілдеде ұсынылған құжаттар бойынша мәселені жағымды шешу үшін Павлодар қаласы әкімінің көмекшісі болған лауазымды тұлға Б.Н.-ға 200 000 теңге сомасында пара берді. 2023 жылдың тамызында Б.Н. процесті жеделдету және оның өкілеттігіне кіретін іс-әрекеттерді жағымды шешу және жалпы қамқорлығы үшін азамат Д.Б.-дан 150 000 теңге сомасында пара алған.

Заң бойынша бас бостандығынан айыру жазаның неғұрлым жеңіл түрі кінәліні түзету және оның жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатына жетуге мүмкіндік бермеген жағдайда ғана тағайындалады.

«Б.Н. және Д.Б.-ға олардың бірнеше рет ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағанын және неғұрлым белсенді рөл атқарғанын ескере отырып, сот 7 жылға бас бостандығынан айыруды тағайындады. Кінәні мойындауын, асырауында үш жас баланың болуын ескере отырып, А.С.-қа пара сомасының 50 еселенген мөлшерінде, 10 000 000 теңге сомасында айыппұл тағайындады», – делінген хабарламада.

А.Е.-ге қылмыс жасаудағы рөлін, кінәні толық мойындауын және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескере отырып, пара сомасының 26,6 еселенген мөлшерінде, 5 320 000 теңге көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындады.

Сотталған лауазымды адамдар А.С. және Б.Н. өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.

Сондай-ақ, мемлекет кірісіне: А.С.-ден 200 000 теңге; Б.Н.-дан 350 000 теңге мөлшерінде пара сомасы өндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.