14-10-22 |
370 рет қаралған
Путин мобилизациядан қашқандар жайлы ойын айтты.
Путин мобилизациядан қашқандар жайлы ойын айтты

Астанада өткен баспасөз мәслихатында РФ президенті Владимир Путин ішінара мобилизация жарияланғаннан кейін ресейліктердің елден жаппай кетуіне қатысты пікір білдірді, деп жазды Zakon.kz.

«Мен бұл арада эмоция тұрғысынан емес, заң жағынан баға бергім келеді. Белгілі бір жағдайдағы қандай бір азаматтың іс-әрекетіне нақты құқықтық баға беру керек. Біреу қорқып қашқан шығар, біреу мобилизациядан аяқ тартқан болар, тағы біреуінің қандай да бір басқа себептері болған шығар. Әрбір адамның нақты жағдайына құқықтық баға берілуі керек. Басқа амал жоқ», – деді Владимир Путин ресейлік журналистің сұрағына жауап бере отырып.

Сондай-ақ ол екі апта ішінде ішінара мобилизация науқаны аяқталатынын айтты. Қазір 222 000 адам әскер қатарына алынған.

ҚР ІІМ мәліметтері бойынша, 2022 жылдың 21 қыркүйегінен кейін Ресейде ішінара мобилизация жарияланған кезде ғана біздің елімізге 200 мыңнан астам ресейлік келді, кейін олардың 147 мыңы басқа елдерге кетті.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.