22-10-22 |
620 рет қаралған
Путинді жазалауға шақырған үш депутат Ресейден қашып кетті.
Путинді жазалауға шақырған үш депутат Ресейден қашып кетті

Путин мемлекеттік сатқындық жасады деп Мемдуманы оған қатысты жаза тағайындауға шақырған Санкт-Петербургтегі Смольнинское муниципалитетінің үш депутаты Никита Юферев, Дмитрий Палюга және Дмитрий Балтруков Ресейден кетті.

Юферев твитердегі парақшасына 13 қазанда Белградқа кеткенін, ал 16 қазанда оған балалары мен әйелі келгенін жазды.

Сондай-ақ Балтруков те елден кеткен. Ол Ташкентке іссапармен барған кезде үйіне шақырту келеді, бірақ ол Ресейге оралудан бастартты.

«Дәл сол кезде менің үстімнен қылмыстық іс қозғалатыны туралы хабарланды. Сол себепті іссапарымды созуды жөн санадым», – деп жазды ол.

Ал, Дмитрий Палюга 20 қазаннан бері Тбилисиде жүргенін мәлімдеді.

«Мұндай шешімді қабылдау ауыр болды деп айта алмаймын. Біраз уақыттан бері Ресейде саяси қызметпен айналысу мүмкін болмайтыны белгілі болды және тәуекелдер артты. Мен депутат болып қала беремін, жиналысты бейнежазба арқылы өткізе аламыз, регламент бұған рұқсат береді», – дейді ол.

Айта кетсек, 7 қыркүйекте Смольнинск муниципалитетінің кейбір депутаттары Мемлекеттік Дума депутаттарын Украинадағы соғысқа байланысты президент Владимир Путинге опасыздық жасады деген айып тағуға шақырған. Келесі күні бес депутаттың үстінен Ресей армиясының беделіне нұқсан келтірді деген әкімшілік хаттама толтырылды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.